2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет
туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді Ақмола облысы білім басқармасының, Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі «Құдықағаш ауылының Рамазан Елебаев ЖОББМ» КММ көрсетеді.
Заңды мекенжайы: Құдықағаш ауылы, С.Шарипов көшесі, 20.
Біржан сал ауданында білім беру саласында 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылға Құдықағаш ауылының Рамазан Елебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 32 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Соның ішінде:
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";
- "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған
http://sc0013.birzhansal.aqmoedu.kz мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған "мемлекеттік қызметтер" бөлімінде.
Сондай-ақ ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
2025 жылы Құдықағаш ауылының Рамазан Елебаев ЖОББМ 1 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде ресми интернет-беттердегі 4 жарияланым, әлеуметтік желілердегі 4 жарияланым.
Ай сайын халықты БАҚ және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Біржан сал ауданының мектепке дейінгі ұйымдары бірыңғай Akmola.kz ақпараттық жүйе арқылы (шағын орталық). жұмыс істейді.
2. Білім беру саласында "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Құдықағаш ауылының Рамазан Елебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жылдың кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылау Бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру перспективалары
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.
Мектеп директоры А. Садвакасов
Исп.: Р.Шарипова
Тел.: 871639 3-02-83