"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚҰДЫҚАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУДУКАГАШ ИМЕНИ РАМАЗАНА ЕЛЕБАЕВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

01.09.2021

Құдықағаш ауылының Рамазан Елебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылының басталуына орай "Алғашқы қоңырау" мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. "Алғашқы қоңырау" мерекесі 1-сынып бүлдіршіндерін   салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс- шараны мектеп директоры Садвакасов Алтай Нөгербекұлы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Алтай Нөгербекұлы өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, былтырғы оқу жылының жетістіктерін атап,  ТОО «Баймырза Агро» атынан  1- сынып оқушыларына 5 000 тг көлемінде сыйлық табыс етті. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты.  2-11 сынып  оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, «Тәуелсіздік жетістіктері» атты алғашқы білім күніне арналған ашық тәрбие сабағына қатысты.

Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст