"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚҰДЫҚАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУДУКАГАШ ИМЕНИ РАМАЗАНА ЕЛЕБАЕВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық пәндік олимпиада

06.12.2019

2019 жылдың 5-6 желтоқсан аралығында  Степняк қаласының №1  мектебінде  мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Сондықтан сапалы білім көрсеткіштерінің бірі пәндік олимпиада болып табылады. Биыл да олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы және химия пәндері бойынша өткізілді.

Біздің мектебімізден аудандық олимпиадаға барлығы 8 оқушы қатысып, ІІ кезеңге 6 оқушы өтті.

Аудандық  пән олимпиадасында жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз :

Рақымжан Ризагүл  11 сынып оқушысы —  математика пәні бойынша  жүлделі  ІІ  орынға ие болды. Пән мұғалімі — Калиева Зейнегүл Борамбайқызы.

Әлім Айгүл  10  сынып оқушысы – орыс тілі пәні  бойынша жүлделі  ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі — Абеева Гүлбазар Қазыбайқызы.

Рамазан Жәмилә 9   сынып оқушысы —  биология пәні бойынша  жүлделі  ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі – Рахметов Мейірбек Абушахманұлы .

Қаркен Сүйіндік   10  сынып оқушысы — физика пәні бойынша жүлделі  I орынға ие болды. Пән мұғалімі — Садвакасова Райхан Даулетханқызы.

Жеңімпаздарымызды және ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст