2017 жылғы 13 қазан күні Р.Елебаев атындағы Құдықағаш ОМ бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған туристік экспедицияның кезекті маршрутының өткізілуі бойынша оқушылар біздің мектепке келді.Мектеп директоры Садвакасов Алтай Нөгербекұлы құттықтау сөзімен салтанатты түрде ашты.Мектепке Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінен, Казгородок орта мектебінен, Яблоневка негізгі мектебінен оқушылар келді. Экспедиция мүшелерін Рамазанова Жәмила және Каркен Саягүл мектеп музейімен таныстырып өтті. Онда ауыл адамдарының еңбектері жөнінде, Р.Елебаевтың өмірбаянымен, ауылымыздың 80 жылдығы , Құдықағаш ауылының жерлерімен, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы, Р.Елебаевқа арналған кітаптарымен таныстырды. Содан соң оқушылар ескерткіш алаңына барды, онда тарих мұғалімі Жусупов Р.М ескерткіш туралы мәлімет берді. Р.Елебаевтың әкесі жерленген жерге апарып, онда Р.Елебаев ата-анасы туралы қосымша мәлімет берді. Құдықағаштан кейін экспедиция Яблоневкаға аттанды.