Тілдер күнінің мерекесі «Мәңгілік елімнің –мәңгілік тілі» тақырыбында салтанатты түрде үш тілде ашылды. Кітапханашы Салықова М.С «Рухани тәуелсіздіктің басты негізі қазақ тілі.Язык –посредник дружбы и единства» атты көрмесін ұйымдастырды. Тіл мамандары үш тілде мақал-сайысын өткізді.Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, әрі қарай үш тілде айтып өтті. Әр ұлттың биін ортаға салды.Бидің шығу тарихын үш тілде жеткізді. Тіл мамандары «Ұлт рухының алтын қазынасы –тіл» ұлттық ойындар сайысын үш тілде қорғады.Тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Ән – халықтың ажары» тақырыбында караокемен ән сайсы өтті. «Еңбек – ырыстың қазығы» атты тақырыпта ұлттық тағамдарды үш тілде қорғады.Сынып жетекшілер тәрбие сағатында «Тәуелсіздік –тұғырым, тілім - ғұмырым» атты тақырыбында ой-толғау өткізді.