"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚҰДЫҚАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУДУКАГАШ ИМЕНИ РАМАЗАНА ЕЛЕБАЕВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Физиканы оқытуда ақпараттық технологияны қолдану»

13.03.2017

Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі:Садвакасова Райхан Даулетханқызы

                       

                        

Тақырыбы: «Физиканы оқытуда ақпараттық       

                                 технологияны қолдану»

 

«Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және

коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас

экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде»

                                            Н.Ә.Назарбаев.

 

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің .мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік,

дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған

мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді

шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген.

Оны жүзеге асыру – мектепттерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға

септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен

нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламада, оқу процесіне педагогикалық және

ақпаратты технологияларды кеңінен пайдалану - оқушылардың танымдық

белсенділігін дамытудың басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген .

Оқушылардың сапалы білім алуындағы танымдық белсенділікті қалыптастырудың

аса маңызды екендігін іргелі философиялық, психологиялық-педагогикалық

зерттеулерге талдау жасау арқылы көз жеткізілді.

Қарастырылған  ғылыми еңбектерде

оқушылардың сапалы білім алуында танымдық белсенділікті арттыру, жеке дамуы,

өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, өз бетімен білім алуы, білік, дағдыларын

қалыптастырудың, бақылау сабақтарының, пәнаралық байланыс қағидаларының тиімді

жолдары қарастырылған.

Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау ақпараттық технологиялар талабы

тұрғысынан оқушылардың  танымдық

белсенділігін арттырудың психологиялық-педагогикалық негізі әлі де болса

зерттеулерді қажет ететінін байқатты.

Республика

ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың

саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі

жоғары жеке тұлға дайындау.

         Қоғамның дамып-өркендеуі, оның

әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер,

жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып,

салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде,

қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына,

білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті,

парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың

жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті

беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш

әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.

         Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында

жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін

оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану

– аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің

білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні

қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты

ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда

болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы

белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін,

ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен

сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі

көрсетіп отыр.

         Қазақстан Республикасының «Білім

туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы

адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды

қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті

жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді

ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие

берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген,

психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада

арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын

салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге

қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың

әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты

ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың

саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі,

шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда

жеткізуіне мүмкіндік береді.  Мұғалім

үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын

болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын

қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі

педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа

енгізілгені белгілі болып отыр.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар

демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын

жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы

бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып,

тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара

қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі

бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына

ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп

қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды.

Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық

педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін

арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты

ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды

ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап

баяндай білуге, мәдениетті  сөйлеуге

үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың

абыройлы борышы. Бұл ретте ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен

өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүріміз педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде

пайдаланылады.

Осыған байланысты ХХІ ғасыр ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру

үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді

шешу көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік

желі, электрондық және телекоммуникациялар құралдарды, электрондық оқулықтарды

оқу процесіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және

танымдық белсенділігін  қалыптастыру.

      

Ғылыми-техникалық  прогресс  еліміздің 

материалдық-техникалық базасын жасау құралы болуымен қатар, қоғамның

әлеуметтік дамуын жеделдетуге  ықпал

етеді. Ол  өңдірістік техника  мен 

технологияны  жаңартып,

материалдық игіліктер молшылығын жасаудың негізінде адамдардың интеллектуалдық

байлығын арттырып, танымдық белсенділік қабілетінің дамуына мүмкіндік жасайды.

Ендеше, оқушылардың танымдық

белсенділігін қалыптастырудың, олардың 

белсенділік  қабілеті  мен біліктерін   жетілдірудің 

қоғамдық   мәні зор деген сөз.

Оқушылардың  танымдық 

белсенділігін  арттыруда  мектепте проблемалық  оқытуды ұйымдастырудың,  мәселелік 

жағдайларды  жасау мен шешудің,  компьютерлік 

бағдарламалық  құралдарды  пайдаланудың, 

физика және математика 

пәндері   бойынша  танымдық 

міндеттерді  кеңінен пайдаланудың,

оқу процесінде оқушылардың ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың, оқып-үйрену  барысында техникалық оқу құралдарын,

компьютерлік ойындарын және т.б. 

кеңінен  қолданудың маңызы ерекше

зор. Осыдан келіп оқушылардың танымдық белсенділігін артыруды арнайы

ұйымдастыру – оқушылардың танымдық 

белсенділігін  қалыптастыруды  жүзеге асыру жалпы білім беретін  мектептерде 

оқушылардың  танымдық

белсенділігін ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың

тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Мектеп оқушыларының танымдық

белсенділігін артыру өзекті мәселелердің  

бірі  болуы  тиіс, 

себебі,  қоғам мүшелерінің

білімдарлығы, түрлі жағдайларға 

бағдарлануы,  алдына  қойған 

міндеттерді шешудің қолайлы 

тәсілдерін  таңдай   білуі 

көбінесе  олардың дайындығына

байланысты  болады.  Сондай-ақ 

жеке тұлға  факторын күшейту,

қоғамның баға жетпес құндылығы ретінде адамға бет бұру қажеттілігіне байланысты.

1. Танымдық белсенділікті артыру жеке

тұлғаны сапалық тұрғыда  қалыптастырудың

басты шарты болып табылады.

2. Компьютерлік  технологияның 

педагогикалық  мүмкіндіктерін  және оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын

дәл айқындау негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру-танымдық

белсенділіктің барлық  компоненттерін

қамтитын, бүтіндей жүйе құрайтын тиімді оқу процесін ұйымдастырудың қажетті

шарты болып табылады.

3. Ақпараттық технологияны зерттеуші

ғалымдардың және біздің зерттеуіміз компьютерлік технологияны пайдаланудың

педагогикалық мақсаттарын  айқындау  білім 

беру  жүйесін ақпараттандырудың

негізгі және оқу  процесіне  компьютерлік 

технологияны  тиімді пайдаланудың

басты шарты екендігін көрсетеді.

4. Компьютерлік  технологияның 

көпфункционалды 

бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері: виртуальді лабораториялар,

компьютерлік бағдарламалық  пакеттер,  

интернет   жүйесі,  мультимедиа және т.б. оқушының танымдық

белсенділігін арттырады, шығармашылық 

ізденіске баулиды.

5. 

Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық

белсенділігін  арттырудың әдістері мен

тәсілдерін анықтау үшін оның компоненттерінің қалыптасу деңгейлерінің

көрсеткіштері және сипаттамалары анықталды.

6. 

Оқыту процесінде компьютерлік бағдарламалық құралдарды,  проблемалық 

сұрақтар  жүйесін,  компьютерді пайдаланып атқарылатын

өзіндік  жұмыстарды  пайдалану  оқушыларда 

танымдық белсенділіктің жоғары деңгейін және білім сапасын арттыруды

қамтамасыз етеді.

    Кез келген білім ордасының білім сапасын

арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған

жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді.

Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби

теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби

шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.

Құзыреттілікті

нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау,

зерттеу, бүгінгі күн талабы.

     Әр ұстаз оқытудың жаңа

технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай

бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу

құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.

•Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.

•Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының

білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.

•Мектептің материалдық базасын нығайту.

•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.

Оқыту деңгейін халықаралық  стандартқа

жеткізуге қадам жасау.

    Қоғам дамуын айқындайтын негізгі

көрсеткіштердің бірі – ақпараттану

Болғандықтан,бүгінгі

адамзаттыңшығармашылық әрекетінің нәтижесі компьютерлік технологиялармен тығыз

байланыста болуы тиіс.

Осы орайда

мектептің тәжірибесі оқушыларда құзыреттілікті қалыптастыруда компьютерлік

моделдердің рөлінің маңызды екенін көрсетіп отыр.

 Жаңа ақпараттық технологияны адамзат

қызметінің барлық саласына енгізу 

ақпараттық  қоғамның  басты 

көрінісі. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану

оқытудың педагогикалық технологиясы, 

оқытудың   ақпараттық  технологиясы,   оқытудың компьютерлік технологиясының  туындауына себеп болды.

Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық

іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық

есептерді ойындық, даму-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған  әдіснамалық, 

психологиялық, 

педагогикалық, 

бағдарламалық-техникалық  және

ұйымдастыру құралдарының  кешенін  айтады

Біз  компьютерді

кең көлемде  ақпарат құралы ғана емес,

адамның  қоғамдағы  өзін басқаруына,  өзіндік 

танымына  жол  ашатын 

және  қуатын  жаңа жағдайға, жаңаша  көзқараспен 

пайдалануға  мүмкіндік беретін

қуатты таным құралы деп есептейтін философтардың пікіріне қосыламыз.

 Жаңа   материалды  

жеткізудің  жиі кездесетін  түрі 

электрондық  оқулықтар  болып табылады. Электрондық оқулықтар  бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық

жұмыстар мен тестерді,  яғни  бір мезгілде білім беру мен бақылауды да

құрайды.  Жүргізілген  тәжірибелер 

көрсеткендей,  жаңа технологиялық

оқыту кезіндегі  сабақ  сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі

әдістерінен әлде-қайда жоғары болады .

Егерде мектепте оқытуда электрондық оқу көздері

қолданылса,онда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі жақсы дамиды.Мысалы,

компьютер арқылы моделдер қолданып,физикадан эксперименттік және жан-жақты

зертханалық жұмыстар жүргізілсе ,онда мектептің физикалық зертханасындағы

жетіспейтін жабдықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді.   Тағы бір мысал келтірейік . Тербелмелі

контурды сыртқы айнымалы тоқ көзіне қосқанда ондағы үрдістерді қосалқы құралдың

көмегінсіз бақылауға болмайды.Осы үрдістің компьютерлік моделікез-келген

параметр  үшін контурдың резонанстық

қисығын тез уақытта алуға мүмкіндік береді.

       Рухани

дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін меңгерген білікті маман,

өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға ретінде білімділігімен,

шеберлігімен, ұлағатты сөзімен, шәкірттерін өз пәнін қызықтыра білетін,

оқушылар бойынан шығармашылық қабілетті аша біледі.

      Мен өз баяндамамды оқушы шығармасынан

алынған мына бір үзіндімен қорытындылағым келеді. «Еліме деген махаббат

жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде орналасқан .Өміріме нәр беретін сарқылмас

бұлақ ,мәңгі алауы өшпей жанып тұрған жалынды шырақ. Жалын жанып маздайды

,келешекте от болып лаулайды.Оны сібірден соққан жел де өшіре алмайды, көзімнен

жас шығарған ызғарлы аязда қауқарсыз.Мен ХХI Ғасырда еліміз дамуының тізгінін

ұстар ұландар мектеп партасынан шығарына сенемін. Бойында тектілігі бар

ұрпағымыз Абылайдың саясаткерлігін ,Қабанбайдың ерлігін,Жиреншенің

шешендігін,Сырымның сыршылдығын ,Абайдың, Шоқанның ұлылығын өнеге тұтып

,тәуелсіз елдің тектілігін білімділікпен алға жетелер деп ойлаймын ».Осы

пікірге қосыла отырып ,дарынды оқушыларды алға жетелей білейік дегім келеді.

Просмотров: 417


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст