"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚҰДЫҚАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУДУКАГАШ ИМЕНИ РАМАЗАНА ЕЛЕБАЕВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі мен мүмкіндіктері.

09.03.2017

Жеке

тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі мен мүмкіндіктері.

Қазіргі уақытта Қазақстан білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Бұл

процесс білім пропрамасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы

бірінші орынға баланың білімін, білгілі мен дағдысын емес, оның тұлғасын ,

білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Елбасымыздың

«Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында атап өткендей, бәсекеге қабілетті дамыған

мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналумыз керек. Қазіргі әлемде

жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің

азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс

жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Соңдай-ақ балаларымыздың, жалпы

барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.

Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бізге оқыту

әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім

берудің онлайн жүйелерін белсене дамыту керек болады.

Біз

қалайтындардың барлыы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса,

отандық білім беру жүйесіне инновацилық әдістерді, шешімдерді және құралдарды

қарқынды енгізуге тиіспіз.

Ескірген

немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс

көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет.

Орта және

жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік

машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын

қосып, өзгерту.

Кәсіпкерлікке

бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.

Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену

үрдісінде оқу-тәрбие процесін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің

кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Демек, білім беруді ізгілендіру мен

демократияландырудың негізгі шарттарының бірі – бұл жаңа инновациялық технологияларды

тиімді пайдалану. Жалпы педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері

қазіргі педагогикалық теорияды былайша сипатталады:

оқушылардың

психофизиологиялық ерекшеліктерін және оларды жан-жақты ескере отырып дамыту

қажеттілігі;

білімді

вербальді (сөздік) тәсілмен ғана оқушыларға жеткізуден, жүйелі іс-әрекеттік

тәсілге ауысу қажеттілігі;

мұғалімдердің

іскерліктерін жоғарылату, дамыту, жетілдіру қажеттілігі;

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына

бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық

технологиялар – бұл білмның басымды мақсаттарымен біріктірілгенпәндер

әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен

байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және

ашық жүйелері, мұна әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының

дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім бері жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың

жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралы ғаламдық

коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі

құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру

саласы да өзінің дамуы үшін жаға қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға

ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың

жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа

технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді

алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан

талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Білім беру

жүйесіндегі қайта құруардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке

шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете

меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет.

Компьютерді

мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру

үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының

жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары

құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның

түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту

бағыттарын талап етеді.

Жаңа

ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында

тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған

әлемді қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті

мәселелерінің бірі.

Жаңа

технология есептеуіш техникасымен жмыс істеуге, оқу барысында компьютерді

пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды

қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына

негізделеді.

Оқушылардың

жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті

бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан,

тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың

басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және

педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық

жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық

мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұның анықтауда,

оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін

жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын

толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп

қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа

ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу тәрбие үрдісін тиісті деңгейге

көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге

аспақ.

Әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. – А., 2008

Омаров С.

Қ., Мұқатаев А.А., Сарсекеева Ж.Е. Педагогика. Оқытудың несиелік жүйесіндегі

сабақтар. Қарағанды, 2009

ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналға

мемлекеттік бағдарламасы Егемен Қазақстан 10 қантар 2014ж. №5 (28229)

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст