"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚҰДЫҚАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУДУКАГАШ ИМЕНИ РАМАЗАНА ЕЛЕБАЕВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану тиімділігі.

28.02.2017

   Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Р амазан Елебаев атындағы

Құдықағаш орта мектебінің

тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі                                                                                                    Шаймерденов Сейтжан Даулетханович

 

Оқыту мен оқудағы  жаңа

тәсілдерді қолдану тиімділігі.

 

         Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы және оның әр

кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің,

қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім

сапасының маңыздылығын дәлелдейді. Қазақ елінің ғылымы мен білімінің

стратегиясы білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай

отырып, әлемдік білім кеңістігіне заманауи үдеріске кірігуімен анықталады.

Елбасымыз

Н.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының

негізгі қозғаушы күші» - дегеннің өзі үлкен көрегендіктің белгісі. Қазақстанда

білім берудің өзіндік ұлттық   үлгісі

қалыптасуда. Білім берудегі заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы,

түрлері өзгеріп отырады. Ең  бастысы

технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

         Әр мұғалім іс-тәжірибесінде оқушыларды өзін-өзі басқаруды,

еркіндік бере отырып өз ойларын ашық айтуды, сыни тұрғыдан ойлануды меңгерту

керек.

         Білім саласындағы басты мақсат: ой – өрісі жаңашыл,

шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, жан-жақты

қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды

дамытады. Баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастырып, өз

бетінше шешім қабылдауға да дағыдыланады.

         Ұлы педагог Ушинскийдің: «Бала – балқытылған алтын» деген

қанатты сөзі бар. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықан баланың

бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан - жақты дамуына, рухани бай

тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып,

оқушы бойына өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікті дамыту, алған

білімдерін өмірде қолдана білу болып табылады.

         Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол

жеткізген анағұлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту

теориясына негізделген тәсілі кең таралған.(Hettie 2009).

         Осыған орай педагогтердің біліктілігін артыру курсының

бірінші (ілгері) деңгейлі бағдарламасы негізіне сүйене отырып, өз тәжірибемде

жеті

модульді сабақтарымада

қолданамын.

         Жеті модуль, оларды оқыту мен оқу барысында қалай пайдалану

керектігін, бір-бірімен қалай байланыстырып сабақ өтуге болатындығын біздер

топтық жұмыстар барысында өзіміз жұмыс істей отырып үйрендік. Құзырлы оқытудың

маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі

мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де

қатысуын талап етеді. Осылайша,оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы

мұндай жауапкершілікті көбіне  сабақ беру

барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Сондықтан

мұғалімге Шульманның «үш көмекші» деп атаған қасиеттері:

1.Бас-кәсіби түсінік

2.Қол-оқытудың тәжірибелік

дағдылары

3.Жүрек-кәсіби-адамгершілік тұтас

болғанда оқыту мен оқу сапалы болады.

         Бұл бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория

оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру

болып табылады. оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сныпастарынан үйренеді,

бірін-бірі үйретеді.

         Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «сын тұрғысынан ойлауға

үйрету» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен

оқудағы сын тұрғыснан ойлау сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушы өз

ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.

          Оқыту — оқушылардың

оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас

кешені.

         Ал «қалай оқу керектігін үйретуде»  оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен

іздене отырып, жауапкершілікке үйретеді. Қалай оқу керектігін үйрету бұл

оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылады. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді,

бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шындайды. Онда оқушының жас

ерекшелігін де ескеруге тырыстым. Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей

отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады.

         Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы

негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының

«қалай оқу керектігін үйрену» деп қарастыруға болады.

Шанк пен

Цимерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде

дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және

даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқытудың

табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоциалдық себептер арасындағы

күрделі әрекеттік пен метоконгнетивтік білімге байланысты.

Оқушылардың

өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше. «Сыныпта бірлесекен жұмыс

оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, сонымен қатар,

мұғалімнің ынтықмақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» -

деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамыс бұрын, өзара

ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керек. Себебі топта жұмыс жасауда

ынтымақтастық атмосфера орныққанда, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге

мүмкіндік туады.

Әр мұғалім

сабағында міндетті түрде сұрақ – жауап әдісін қолданады. Сол арқылы оқушылардың

сабақты қаншалықты меңгергенің біліп отырамыз. Сұрақ қоюдың екі түрі бар: төмен

және жоғары дәрежелі.

Төмен дәрежелі

сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып

бағаланып отырады. Жоғары дәрежелі 

сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, ізденіп, тиянақты жауап беруге

тырысады. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойғанда түрткі, сынама, бағыттау

сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады. Ал оқушы жауап беру кезінде қате

болса, оларға бірден қате демей, жіберген қатесін түзеуге мүмкіндік беру керек.

Сол қатесінен сабақ алу керек. Немесе тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қою арқылы

дұрыс жолға түсуіне көмектесуіміз қажет.

Сабақтарымда

сұрақ қою арқылы оқушының: сындарлы сөйлеуіне ынталануға, білімге құштарлығын

оятуға, сыни тұрғыдан ойлауға, өздерін және өзгені бағалай білуге, ойын

жинақтап, талдауға, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен

оқушы , өзгелермен серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігі дамыды.

Пікірлесу,

сұрақ қою барысында серіктестерінің айтқандары елеулі орын алады. Мерсердің

зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының

ажырамас бөлігі.

Оқушылардың

сұраққа жауап беру, іздену, тыңдау мен сөйлеу арасындағы байланыс анағұлым

нәтижелі болады. Шағын топтарда жұмыс жасай оттырып, бір-бірімен пікір алмасып,

идеяларын ортаға салып, баға бере біледі.

Оқушыларға

айтылған сұрақтарынан кейін «неге» сұрағын қоя отырып, айтқан тұжырымдарын

дәлелдеуге үйреттім. Сол кезде оқушы ойын жинақтап, тез шешім қабылдап, сұраққа

жауап айта алады.

Выготскийдің

оқыту модулі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады, деп жорамалдайды.  Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға

әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін

басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болу мүмкін,

диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын

идеялар  оқушы түсінігінің нақты бөлігі

болмағанымен, «жақын арадағы даму аймағы» аясында қарастырылғандықтан оқыту

табысты болмақ.

Сыни  ойлау әдістерін  қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі

артады. Себебі сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы

оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып пікірге түсуге жетеледім.

Оқытудың  тиімді жақтары мынада болғанын байқадым:

 –        

Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану;

–          Оқушылар бір- бірін тыңдай білуге

үйренді. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы басқаларды мұқият тыңдайды;

 –       

 Оқушылар сыни ойлауға

көмектеседі, пікір алмасады;

–          Оқушы бір- бірін оқытады;

 Сабақ барысында мынадай кедергілер кездесті:

 –        

Сөздік қоры аз болғандығы;

 –        

Сұрақтарды бір тақырып төңірегінде ғана қоя алды;

 –        

Сабақтың тақырыбынан аса алмағандығында;

 Бұл оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,

нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным

белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады.

 Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға

болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге

бейімдеп дайындаймыз десем артық айтқандық болмас.

 Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман

талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана

отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст