30.10.2020
29- қазан қамқоршылар күні.Бұл жалпы Қазақстан Республикасында аталып өтілетін мереке.Қамқоршылық отбасылар мен осы отбасыларда ата-ана жылуын тапқан балалар үшін қайрымдылық шара болып табылады.
Біздің қамқоршы ата-аналарымыз балаларды үлкенді сыйлауға,кішіге ізет көрсетуге,иманды болуға,адамгершілікке тәрбиелейтініне сеніміміз мол.Бар жақсылығын аямай,жылы қанатының астына алып отырған ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Бөтен бала мен бөтен қайғы жоқ деп ойлайтын,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларға қолдау көрсету,құрметтеу және қуаныш сыйлау мақсатында мектебіміздің 8- сынып оқушысы қамқорлықтағы Асылбеков Ақылбектің қамқоршылары Сейлхан Газизұлы мен Раушангүл Кенжебайқызын бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.